⠀⠀
15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар
⠀
1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:
1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады;
2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады;
3-1) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүдделері үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік кызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету туралы өтінішпен жүгінеді;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген көмек жәбірленушілерге тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.
⠀
2. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады.
⠀
3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Дереккөз: adilet.zan.kz
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz