советы психолога (старое)

Карантин кезіндегі психологтардың ұсынысы

Карантин кезінде отбасылар көптеген шектеулерге тап болды, ересектер қашықтан жұмыс істейді немесе тіптен, жұмыссыз отыр, мектептер мен барлық ойын-сауық орталықтары жабық, ал ЖОО‐да сабақ  қашықтан жүргізіледі. Осылайша, біз жақындарымызбен бетпе-бет қалдық.
Мәжбүр болған жағдайда, біз әр түрлі эмоциялар мен күйге тап болатынымыз анық, кейбіреулері орын алған жағдайға байланысты қысымды сезінсе, басқалары жақындарының денсаулығы мен болашағы үшін алаңдайды. Егер психоэмоционалды тынығу болсама, жақын адамдар арасында агрессивті мінез‐құлық салдарынан жанжалды жағдай туындайтынын ескерген жөн.
Орын алған жағдайға байланысты біз жанұядағы жанжал мен агрессивті мінез-құлықты азайтып, тіпті алдын алуға көмектесетін ұсыныстармен бөліскіміз келеді:

Не істемеу керек?
Ересек отбасы мүшелеріне ағымдағы жағдайға байланысты бір-біріне өзара наразылық білдірмей, бір‐біріне түсіністікпен қарап, бүкіл отбасы үшін уақытты ұйымдастыру бойынша бірлесіп келіскен жөн.
Лезде балаларды тәртіпке салып, әсіресе қайта тәрбиелеуге кірсісуге болмайды. Бұл тек «жанжал аймағындағы» барлық отбасы мүшелерінің күш‐қуаты мен денсаулығына зиян тигізеді. Сонымен қатар қарым-қатынасты бұзады және мүлдем пайдасыз болып келеді.
Балалардан «уақытын тиімді пайдалануды» талап ету, яғни олар бұрын‐соңды жасамаған, сіз қажетті және дұрыс деп ойлайтын нәрсені істету. Балалар таңғалып, наразылығын білдіруі де мүмкін.

Не істеген жөн?
 1. Ең маңызды пункт – бүкіл отбасы үшін жұмыс және демалыс режимін қалыптастыру. Бәрімізге әсер ете алатындықтан БАҚ‐тағы  инфекцияның таралуы туралы ақпараттан туындайтын мазасыздықпен күресуге күн тәртібі көмектеседі;
2. Бүкіл отбасын жинап, коронавирустың қауіпті екендігін, қолды жиі жуып, дәрігерлердің ұсыныстарын ескеру керектігін, қорғаныс маскаларын кию керектігін, т.б. түсіндіру қажет;
3. Өзін-өзі дамыту, иммунитетті нығайту және басқалары туралы әртүрлі дәрістер мен вебинарларды бірлесіп қарау, бұл қызметтер коронавирустық пандемия кезінде қол жетімді болып табылады;
4. Дене белсенділігі. Мысалы, отбасы мүшелерінің физикалық жағдайына байланысты таңертең жаттығулар жасау;
5. Карантин кезіндегі отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы алдын ала келісіп алу;
6. Серуенге міндетті түрде маска киіп шығу керек. Серуенге бүкіл отбасымен немесе ата‐ананың бірі демалуы үшін кезектесіп балалармен шықса болады;
7. Түскі тынығу уақыты. Барлығы демалатын уақыт. Балалар ұйықтауға жатса, ересектер бұл уақытты өздері үшін пайдалана алады;
8. Барлығы бірге өткізетін, бөлек уақыт. Үстел үсті ойындары, белсенді ойындар, бірге сурет салу – бұл бір‐бірлерінді жақынырақ тануға көмектеседі. Мысалы, бір тақырыптағы суретті ақылдаспай салып, кейін кімде не шыққанын талқылауға болады. Немесе нұсқаулық бойынша сурет салу: отбасы мүшелерінің бірі сурет салып, өзге мүшелеріне сол сурет бойынша нұсқаулық береді, отбасының басқа мүшелері алғашқы адамдыкіндей сурет салуы керек. Бұл отбасы мүшелері арасындағы қарым‐қатынас байланысының деңгейін анықтауға көмектеседі;
9. Балалар ұйықтайтын уақытты анықтау, бұл күнде бір уақыт болғаны жөн. Мысалы, кішілер – кешкі 10-да, үлкендері – сәл кешірек. Сонда, алғашқылары жатқан соң ересектерде жеке уақыты пайда болады.

Бұл ұсыныстар тыныштықты сақтап, отбасымен қарым-қатынасты бір қалыпты сақтауға септігін тигізеді.

☎️ 150
📱 8 708 106 08 10
🌍 Telefon150.kz
@cisc_official ⠀
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#короновирус #пандемия #карантин #психологтыңкеңесі #рекомендациипсихолого #профилактикабытовогонасилия #зорлықзомбылықтыңалдыналу #агрессияныболдырмау #нетагрессии #cisc2020 #qogamgov #telefon150kz