Психологияда агрессияны білдірудің қауіпсіз әдістері бар, оны отбасында қолдануға болады. Олар жақын адамдармен қарым-қатынастын бұзылуына жол бермей, керісінше отбасы мүшелерінің бірлігін нығайтуға септігін тигізеді.
▪️ Агрессияға агрессиямен жауап бермеу. Агрессия туындаған жағдайда оны тыңдап, көзқарасын «қабылдауға» тырысыңыз. Агрессия деңгейі төмендемегенше, уақытша екі жаққа бөлінген (екі бөлек бөлмелерге кеткен) жөн, бұған шамамен 20-30 мин қажет болады.
▪️ Жеке уақыт пен кеңістікке мүмкіндік беру. Бір бөлемеде болсақ та, кедергі келтірмей, өз ұнатқан ісіңмен айналыса тұрған жөн.
▪️ Ішіндегісін айтып шығуға мүмкіндік беру. Өз сезімдеріңіз туралы айту - агрессияны шешудің «мұнда және қазір» сау және қауіпсіз әдісі. Сөйлескен кезде кінәлап, кімнің кінәлі екенің анықтауға тырысудың қажеті жоқ, өз эмоцияларыңыз жайлы тілдескен абзал.
▪️ Ең бастысы - көбірек көңіл бөлу, тілдесу, бір-біріне қолдау көрсету. Жақында, карантин бітіп, біздің өміріміз бұрынғы режиміне оралады. Эмоцияларымызды сауатты және қауіпсіз түрде жеңе білейік.
НЕ ІСТЕМЕУ КЕРЕК:
▪️ Шабуылдауға оқталып тұрған адаммен сөйлесу барысында оны басынуға болмайды . Өйткені ол өз дәрменсіздігін сезініп, одан сайын ашуға бой алдыртады. Адам өзінің әлсіздігін сезінгенде үнемі өзін жаман жағынан көрсетеді.
Жекпе-жекті жеңу үшін беріле салыңыз. Агрессорға басымдықты беру, оның қарсы тұруға деген қажеттілігін төмендетеді.
▪️ Тұйықталып қалуға да болмайды (ондай кезде агрессор сізге қаттырақ айқайлайды, себебі оны естімейсіз деп ойдауы мүмкін).
▪️ Сабыр сақтауды сұрамаңыз (бұл ашушаңдықты тек жоғарылатады).
▪️ Адамның өзін рационалды емес ұстайтынын көрсетуге тырыспаңыз (ол бұны адамгершілікке үйретуді сияқты қабылдайды).
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:
▪️ Ішіндегісін ақтаруға мұрша беріңіз.
▪️ Адамның сол жақтағы көзіне қараңыз.
▪️ Сөзін ештеңе істемей, тыныш тыңдаңыз.
▪️ Ашуы басылған соң оған келесі сұрақтарды қойып көріңіз: Сенің шынымен мазасызданып тұрғанынды көріп тұрмын. Сені одан сайын реңжіткім келмейді, сені толықтай түсініп алу мен үшін маңызды. Болашақта және қазір қалай әрекет етуім керек?
☎️ 150
📱 8 708 106 08 10
🌍 Telefon150.kz
@cisc_official
⠀
#cisc2020 #qogamgov #telefon150kz #cенімтелефоны #телефондоверия #150 #нетнасилию #счастливыедети #психолог #помощьпсихолога #qolday #қолдау #бізбіргеміз #бақыт #бақыттыбалалықшақ #короновирус #пандемия #карантин #психологтыңкеңесі #рекомендациипсихолого #профилактикабытовогонасилия #зорлықзомбылықтыңалдыналу #агрессияныболдырмау #нетагрессии