Новости казакша (старое)

Агрессорлардың мінез-құлқын түзетуге арналған жоба

📌 Агрессорлардың мінез-құлқын түзетуге арналған «дағдарыс орталықтарына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және агрессорлармен жұмыс» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында 2020 жылдың 6 наурызынан бастап жүзеге асырылуда.

Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстандағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруді көздейді және агрессорлардың зорлық-зомбылыққа бейім мінез-құлқын өзгертуге, қарым-қатынас жасау мен өзін-өзі дамыту және лайықты мінез-құлық дағдыларына үйрету, өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға бағытталған. Психолог және психотерапевт мамандарының қызметі арқылы жүзеге асырылатын агрессорларға арналған бағдарлама барысында агрессорлармен немесе отбасылық жұптармен жұмыс жасалып, арнайы техникаларды қамтитын қабылдау, тренингтер өткізіледі. Оған қатысушы агрессордың өз тарапынан зорлық-зомбылық жасалғандығын мойындауға, өзінің мінез-құлқына жауапты болуға, бағдарлама жұмысына белсенді қатысуға дайын болуы маңызды.

Тренинг және қабылауға кез келген ниет білдіруші тегін қатыса алады. Оған жазылу үшін төмендегі байланыс арналарын қолдануға болады ⬇️⬇️⬇️
❗️Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, бізге қоңырау шалыңыз!

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz