Новости казакша (старое)

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Отбасындағы зорлық-зомбылықты әкімшілік-құқықтық реттеу, ең алдымен, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертудің және алдын алудың негізгі шаралары көрсетіліп жазылған ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына негізделеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жәбірленуші немесе үшінші адам полицияға өтініш берген кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті жасалғаннан кейін қолданылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын қолданудың екінші себебі ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау не оны жасауға әрекет жасау фактісін анықтауы болып табылады. Үшінші себеп– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түсетін материалдар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесіне мынадай шаралар кіреді:
🔸профилактикалық әңгімелесу;
🔸агрессор ұсталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау жүзеге асырылады;
🔸қорғау ұйғарымы;
🔸медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
🔸құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
🔸әкімшілік жаза;
🔸ата-ана құқығынан айыру не шектеу, баланы асырап алудың күшін жою, қамқоршылар мен тәрбиешілерді өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету, баланы патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
🔸 қылмыстық процесте жәбірленушілердің ісі бойынша мәжбүрлеу амалдары және қауіпсіздік шаралары;
🔸сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар.
Осылардың кейбірін, келесі посттарда талдайтын боламыз.

Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАНқ., 2019ж.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия#Байсакова #психолог#помощьпсихолога #telefon150kz#qolday #soyuz_kz