Помоги себе казакша (старое)

Агрессияны диагностикалаудың өшпенділік шкалалары

Агрессияны диагностикалаудың өшпенділік шкалалары:

🔸Кук және Медлидің өшпенділік шкалалары
Кук пен Медлидің өшпенділік шкаласы 1954 жылы құрылды. Бұл әдістеме өзін-өзі диагностикалау үшін де, сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынас кезінде сыналушының агрессивті мінез-құлыққа бейімділігін анықтау үшін практикалық психологтың жұмысында да қолданылуы мүмкін. Осы әдістеме тұлғаның өшпенділігін үш диагностикалық шкала - арсыздық, агрессивтілік және өшпенділік арқылы зерттеуге арналған.

🔸 Юдовскийдің ашық көрінетін агрессия шкаласы (ОASCL)
Әдістеме ашық көрінетін агрессияны диагностикалауға арналған. Бұл әдістемеде ашық агрессияның мынадай белгілері бағаланады:
1. Ауызша, вербальды агрессия;
2. Өзіне қатысты физикалық агрессия;
3. Объектілерге қатысты физикалық агрессия;
4. Басқа адамдарға бағытталған физикалық агрессия.
Сауалнама 4 бағалау параметрінен тұрады Тестінің есептік уақыты 5-10 минут. Тест индикаторы 0-ден 16 баллға дейінгі мәндерді қабылдай алады.

🔸«Тұлғалық агрессивтілік пен шиеленістік» әдістемесі
Авторлары – Е. П. Ильин мен П. А. Ковалев. Әдістеме субъектінің жеке мінездемесі ретінде шиеленіс пен агрессивтілікке бейімділігін анықтауға арналған.
Бұл әдістеме позитивті агрессивтілікті, жағымсыз агрессивтілікті, шиеленістің жалпыланған көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.
Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАНқ., 2019ж.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz
Психологтың кеңестері