разное

Балалардың көшедегі қауіпсіз мінез-құлқы

Ата-аналар балаларын қиыншылықтардан қорғау үшін әрқашан қасында табылғысы келгенімен, оған уақыт әрдайым жеткілікті бола бермейді. Жұмыс және басқа да күнделікті іс-шаралар оларға көбірек уақыт бөлуге мұрша бермейді. Сонмен қатар өсіп қалған балаларды өз бастарын өздері алып жүргенге үйрету қажет. Сол себепті ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін алдын ала ойлап, оларды арнайы ережелерге үйретуді ұсынамыз. Балалар осы ережені толық меңгерген кезде, олардың белгілі бір жағдайда не істеу керектігін білетініне және өздерін реңжітуге жол бермейтініне сенімді болуға болады.

Қауіпсіздік мақсатында балаларыңызға даладағы келесі мінез-құлық ережелерін үйретіңіз ⬇️⬇️⬇️

▪️ Үйден шыққан кезде әрқашан қайда бара жатқаныңды, қайда болатыныңды және нешеде оралатыныңды ескертіп жүр. Егер үйге кеш оралсаң, алдыңнан қарсы алудуы сұра.


▪️ Қоғамдық көлікте жүргізушіге сен көрінетіндей етіп, оған жақынырақ отыруға тырыс. Бейтаныс жолаушылармен сөз байланыспа, оларға қайда бара жатқаныңды және қайда тұратыныңды айтпа.

▪️ Қараңғы жерден өту керек болса, адамдармен бірге өтуге тырыс. Жер асты өткелі арқылы бір топ адамдармен жүргенің абзал.

▪️ Адам жоқ және шалғай жерлерден аулақ бол, құрылыс алаңдарында және тастанды үйлерде ойнама.

▪️ Егер біреу сені аңдып жүргендей көрінсе, тезірек адамдар көп жерге барып, ересектерден көмек сұрау қажет.

▪️ Шулы топ пен мас адамды көрсең, жолдың арғы бетіне өтіп кет немесе жол бағытыңды өзгерт. Бірақ, қақтығысқа түсуден аулақ бол.

▪️ Үйге тек қауіпсіз көлік түрімен (троллейбус, автобус, маршруткамен) қайт. Ешқашан бөтен көлікті тоқтатпа, жеткізіп салуға ұсыныс жасаса да қабыл алма.

Қажет болған жағдайда 150 Сенім телефонына хабарласыңыздар! Қоңырау шалу тәулік бойы, тегін, анонимді❗️❗️❗️

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #балаларғаарналғанқауіпсіздікережелері #психолог #қолдау
Советы безопасного поведения