Методическая база (старое)
Истории звонков 150

Отец - агрессор

Сенім телефонының хикаялары жазылмағалы біраз болып қалды..Бүгін сіздерге www.telefon150.kz сайты арқылы хабарласқан 15 жасар қыздың оқиғасын баяндап береміз.

Қыз чатқа ол бірнәрсені дұрыс істемесе әкесі оны ұратындығын жазды. Сенім телефонының қызметкері оның жанұясы туралы сұрастыра бастады. Оның аға-әпкелері бар ма, анасы қайда екенін сұрап білді. Қыз анасы қорғап бастаса, әкесі оны да соққыға жығатынын баяндады. Сондай-ақ, ол анасы екеуінің қорқатындарын және үнемі үрей үстінде өмір сүретіндіктерін жеткізді.

Ол әкесінің іс-әрекетіне қалай жауап беру керектігін түсінбеді және анасы екеуі көрген зорлықтың нормаға жататынын не жатпайтынын білген жоқ. Ол маманнан «әкемнің іс-әрекеті қалыпты жағдай ма?» және «бұл өзіне деген сенімділікке әсер етеді ме?» деп сұрады. Маман кері байланыс орнатып, бұның нормаға кірмейтіндігін баяндады. Оған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсінік берілді және әкесінің іс-әрекеті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жататындығы айтылды. Сенім телефонының қызметкері қызды қоңырау шалуын өтінді, алайда ол карантин салдарынан қазір бәрі үйде болғандықтан қорқатынын айтты. Қыз анасымен ақылдасуды жөн көрді. Сонда, маман анасының сенім телефонына қоңырау шалуын сұрады. Қызға олар тап болған жағдай өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін екені ескертіліп, олардың полицияға хабарлап, көмек сұрауы қажет екені түсіндірілді.


Давненько не было истории от телефона доверия 150. Сегодня мы расскажем вам историю девочки 15 лет, которая написала нам через сайт www.telefon150.kz.

Девочка сообщила в чате, что её периодически избивает отец, когда она сделает что-нибудь не так. Специалист телефона доверия начал узнавать о её семье, спрашивая есть ли у нее братья или сёстра и где её мама. Девочка ответила, что когда мама заступается за неё, тоже подвергается избиению со стороны отца. Также она дала понять, что они бояться и живут в постоянном страхе.

Она не понимала, как реагировать на поступки отца и не знала, входит ли в норму физическое насилие, которому они вместе с мамой подвергались. Она спросила «нормально ли, что папа так делает?» и «портиться ли из-за этого самооценка?». Специалист дал обратную связь и ответил что, в норму это не входит. Ей дали разъяснение о бытовом насилии. Объяснили, что действия отца являются насилием и им необходимо обратиться за помощью, чтобы защитить себя и попросили позвонить. Девочка ответила, что боится, потому что, сейчас карантин и все находятся дома. Она сообщила, что хочет поговорить с мамой и специалист тогда попросил, чтобы мама позвонила на 150. Ей было объяснили, что ситуация в которой они находятся может составлять угрозу для жизни и им необходимо сообщить в полицию и обращаться за помощью.

☎️150
📱 8 708 106 08 10
🌍Telefon150.kz
📧 kzsoyuz@gmail.com
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #психолог #помощьпсихолога #хикая #история #telefon150kz #qolday