советы психолога (старое)

Балаларды ұруға болмайды. Неге?

Балаларды қалай тәрбиелейсіз? «Аюға намаз үйреткен таяқ» әдісімен бе? Онда ескертіп қояйық, сіз агрессорды өсіруіңіз мүмкін.

Балаларды ұрып-соғуға болмайды. Неліктен екенін ресейлік психолог Михаил Лабковскийдің мақаласынан үзіндіні оқу арқылы түсінуді ұсынамыз:

«Достар, мен сіздерге балаларды неге ұрып-соғуға болмайтындығын түсіндіргім келді (егер қандай да бір себептермен бұл сізге әлі де беймәлім болса).
Істің мән-жайы мынада, біз күйзеліске түскенде – мысалы, бізге қауіп төніп тұрса, бізді мазақ етіп жатса немесе физикалық зиян келуі мүмкін болса – ағзамыз глюкокортикоидты гормондар тобын қанға жібереді. Бұл шабуылға жауап беретін «стресс гормондары» - «ұр немесе қаш» болып табылады. Бірақ, бұл процесс ағза үшін өте күрделі және ауқымды. Сондықтан ата-аналары қасында болғанда (әсіресе анасы) балада бұл гормондар қанға түспейді. Осылайша, табиғат баланың дамып келе жатқан ағзасын шамадан тыс жүктелуінен қорғайды. Егер ата-ананың өзі күйзелістің қайнар көзі болып табылса, онда бала белгілі бір жасқа дейін өзіне қарсы зорлық-зомбылықты физиологиялық тұрғыдан қауіпті деп қабылдамайды. Яғни, бала үшін стресс жоқ, ол «қалыпты жағдай», бәрі ойдағыдай, солай болуы керек деп ойлайды. Бала кезінен бастап физиология деңгейінде зорлық-зомбылық пен агрессияны қалыпты жағдай деп санайтын адам кім болып өседі деп ойлайсыз? Болашақта ол өз балаларымен қалай әрекет етеді? Ал, ересек өмірінде шынымен қауіп төнгенде не істейді? Бұл сұрақтарға физиологиялық емес, психологиялық тұрғыдан жауап беремін. Екі сценарий ғана құрулуы мүмкін: бала агрессор немесе жәбірленуші болып өседі. Қайталап айтам: балаларды ұру – олардың тағдырын сындырумен тең. Өтінемін, бұл жерде бірдеңе дұрыс емес екенін мойынлауға күш тауып, өзіңізге ие болуға көмектесетін маманның көмегіне жүгініңіз. Балалық шағыңызда сіз де жәбір көрген болуыңыз мүмкін, сол себепті психологтың көмегінсіз санаңызда қалыптасқан заңдылықты бұзу қиынға соғады. Достар, бұл өте маңызды және күрделі тақырып. Біздің қоғамда ерте ме, кеш пе, отбасындағы зорлық-зомбылық тыйылатын болады деп шын жүректен үміттенемін».

☎️ 150
📱 8 708 106 08 10
🌍 Telefon150.kz
@cisc_official

#telefon150kz #cisc2020 #qogamgov #балатәрбиесі