⠀
ТАЛАПТАРЫҢЫЗ ОРЫНДЫ БОЛСЫН. Өте ширақ, еті тірі балалар «абайла», «тыныш», «тұра тұр» сияқты және т.с.с. ескертулерді мүлдем түсінбейді. Оларға уақыт беріңіз және соның барлығын үйренуге көмектесіңіз.
⠀
ШЫН МӘНІНДЕ ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА «ЖОҚ» СӨЗІН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ. Балаға сіз шектеу қоюыңыз қажет. Егер ойына келгенін жасай алатын болса, ол абдырап, аң-таң болып қалады; бірақ сіз ненің шын мәнінде маңызды екенін шешуіңіз қажет. Ережелер онша көп болмаса, бала да тезірек үйренеді.
⠀
ЖЕҢІЛІС ТАБАТЫН ШАЙҚАСТАРҒА ҚАТЫСПАҢЫЗ. Сіз баланы өзіңіз қалаған уақытта тамақ ішуге, ұйықтауға және дәретханаға баруға мәжбүрлей алмайсыз. Жаңа жанжал тудыра берсеңіз, балаңыз мүлдем тіл алмай қоюы мүмкін. Бала сізге ұнайтын мінез-құлыққа дейін өсіп-жетілуін түсіну сіздің осалдығыңыздың белгісі емес.
Дереккөз: Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
150
8 708 106 08 10
Telefon150.kz
kzsoyuz@gmail.com