Помоги себе казакша (старое)

Тиранының мінез-құлық ерекшеліктері

Ер мен әйел адамның одақ құруы, мәні бойынша өмірдің таңғажайып тұстарының бірі болып табылады. Серіктесімізбен қарым-қатынас орнату барысында біз ең әдемі қырларымызды ашып, тың нәрселерді үйреніп, отбасын құрып, жаңа өмірді бастай аламыз. Жұпта үйлесімділік салтанат құрған кезде, тіпті жанжал тереңірек және бақытты қарым-қатынас жолындағы баспалдаққа айналады. Бірақ шын мәнінде, қандай да бір себептермен, біз көбінесе уәде етілген бақыттың орнына қарым-қатынаста өзімізді жоғалтып, жайсыз сезіне бастаймыз. Өкінішке орай мұндай жұптар өте көп. Жүздеген әйелдер өздері білмей қарым-қатынаста жәбірленушінің позициясында қалып, жасырын зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Сыртқы көзге бұл жұп кіршіксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, өзарасында бір серіктес екіншісін баяу «сындырады».

Үй тиранының негізгі мінез-құлық ерекшеліктері келесідей болады:
🔸 Қадағалау;
🔸 Кінәні мойындамау;
🔸 Сыйламау.

Ілеспе белгілер:
▪️ Серіктеске деген жағымсыз көзқарас;
▪️ Қызғаныш;
▪️ Ішімдікке құмарту;
▪️ Есірткіні қолдану;
▪️ Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz
Психологтың кеңестері