Помоги себе казакша (старое)

Балаларыңыз буллингке тап болса, не істеу керек?

⁉️ Балаларыңыз буллингке тап болса, не істеу керек?

1)Балаға психологиялық және эмоционалды қолдау көрсетіп, оның жағында екеніңізді және орын алған жағдайды түзету үшін барыңызды салатыныңызды түсіндіру қажет. Баланы естіп, оны түсіне алғаныңызды жеткізу өте маңызды. Ол енді өз мәселесімен бетпе-бет жалғыз емес екенін, ересек адам барлығын білетінін және міндетті түрде көмектесетінін түсінуі керек. Әрине, табандылық танытып, баламен бірнеше рет тілдесу қажет болуы мүмкін, әсіресе жас адамға үлкен қауіп төніп тұрса.

2) Дүрбелең мен агрессивті көңіл-күйге берілмей, сабыр сақтаған жөн. Ең алғашқы мақсат – өзіңізді, содан кейін балаңызды қауіпсіздік сезімін және эмоционалды жайлылықты қамтамасыз ету арқылы сабырға келтіру. Сіздің уайымыңыз баланың психологиялық жарақатын одан сайын күшейтеді. Ал, эмоцияларыңыз қудалауды жеңу үшін сенімді байланысты орнатуға кедергі келтіруі мүмкін.

3) Баланы мұқият тыңдау қажет. Оқиғалардың себебі мен дәйектілігін түсініп, сұрақтар қойып, жағдайдың себебі туралы оның пікірін білуге тырысыңыз. Баланы тыңдау арқылы біз оларды қабылдайтындығымызды, жылулықты және қамқорлықты білдіреміз, ал бұл құрбан болған баланың өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімділікті нығайту үшін өте маңызды. Бала өз әрекеттерін іштей талдап, олардың осындай жағдайды тудыруы мүмкін ықтималдығын саралауы қажет. Бұл болашақта осы жағдай қайталанса, оған өз бетінше қаншалықты әсер ете алатынын білуге және қудалау жағдайы жаңа қауымда қайталанбас үшін өз мінез-құлқына өзгеріс енгізу қажеттілігін анықтауға көмектеседі. Ешбір жағдайда бұл мәселенің туындауына баланы кінәлап, сынға алмаңыз. Оған «жәбірленушінің» орынында кез келген адам болуы мүмкін екенін жеткізу маңызды.

4) Балаға қиындықтар жәбірленушіде емес, агрессорда екенін түсіндіріңіз. Барлық агрессорлардың мінез-құлқына тән заңдылық – қорлаушының өзін өзі бағалауды «зиянды» жолмен жоғарылатуға тырысатынында. Бұл агрессордың қоршаған ортаны және өзін дұрыс емес қабылдауына байланысты. Кейде психологтар бұл әрекетті доминант деп атайды, яғни басқа адамдарды басынуға деген ұмтылыс.

5) Қиындықтарды жеңу дағдыларын үйрету. Буллингтің күш теңгерімсіздігі сияқты ерекшелігін түсіне отырып, балаға жәбірленуші неғұрлым ашуланып, уайымға салынса, агрессор соғұрлым күшее түсетінін түсіндіру қажет. Буллинг – ашуға берілмеген, уайымға салынбаған жан жеңімпаз атанатын билік ойыны. Керісінше, әзіл, үнсіздік немесе сенімді жауап, яғни агрессивті емес өзін-өзі қорғау одан келесі шабуылдардың алдын алады. Сонда бұл ойын агрессорға ұнамай, өз қалағанын ала алмаған соң, ол кері шегінеді. Жалпы, бұл жерде ата-ана баласының «жаттықтырушысы» рөлін атқарады.

Дереккөз: «Ата-анаға арналған буллинг туралы нұсқаулығы: балаңыз бұл мәселеге тартылған болса, не істеу керек?» А.А. Реан, М.А. Новикова, И.А. Коновалов, Д.В. Молчанова

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #qolday #soyuz_kz #Байсакова #психолог #помощьпсихолога
Психологтың кеңестері