Помоги себе казакша (старое)

Буллингтегі жәбірленуші

🙇‍♀️🙇🙇‍♀️🙇 Буллингтегі жәбірленуші

Сыныпта буллинг пайда болған кезде қатысушылардың белгіленген түрлері (рөлдері) бар әлеуметтік жүйені қамтитын белгілі бір иерархия немесе буллинг-құрылым қалыптаса бастайды. Мектептегі қудалау процесінде бірнеше рөлдер белгіленген:
▪️ Бала – агрессор/булли;
▪️ Қудалауға қатысушы балалар;
▪️ Бала – «жәбірленуші»;
▪️ Куәгерлер;
▪️ Қорғаушылар.

Қудалаудың объекті – «жәбірленуші» бала. Кез келген бала буллингке тап болуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір себептермен мектепті, не сыныпты ауыстырған бала немесе басқа балалармен салыстырғанда белгілі бір ерекшеліктерге ие бала (сыртқы келбеті, жақсы оқу үлгерімі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы және т.б.). Алайда, құрдастарының мазағына немесе қудалауына көбінесе әлеуметтенуі нашар, эмоционалды интеллектісі төмен немесе қоршаған (сыртқы) әлеммен қақтығыстағы балалар ұшырайды. Мұндай балалар қоғамда өзін қалай ұстау керектігін және адамдар олардан қандай реакция күтетінін білмейді, кейде олар балалардың өздерін күлкіге айналдырып тұрғандарын сезбейді, себебі әдеттегі әзілді зұлымдықтан ажырата бермейді.

Жалпы алғанда, бұл жерде балалар тобындағы «өзгешелік» құбылысы жөнінде сөз қозғалуда. «Қарапайым» мектеп оқушылары көзқарасындағы баланың «өзгеше» сөйлеу мәнері, «өзгеше» күлкісі, «өзгеше» әзілдері «өзгешелерге» деген деген көзқарастың жеткілікті себебі бола алады. Буллингтің басталуына түрткі болатын факторлар ретінде осындай балалардың зиянды ниет білдірмейтін абайсыз әрекеттері көрініс табуы мүмкін. Осылайша, гиперактивті бала «сабырлы» сыныптасын кездейсоқ тиіп кетуі мүмкін. Мұндай топтарға мінезіне акцентуациясы бар жасөспірімдердің басым көпшілігі, резидуальді-органикалық генездің когнитивті және мінез-құлық бұзылыстары бар балалар, невротикалық және шизоидты аурулары бар балалар кіреді.

Дереккөз: «Ата-анаға арналған буллинг туралы нұсқаулығы: балаңыз бұл мәселеге тартылған болса, не істеу керек?» А.А. Реан, М.А. Новикова, И.А. Коновалов, Д.В. Молчанова, сайт: psychologia.edu.ru


☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020

#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #qolday #soyuz_kz #Байсакова #психолог #помощьпсихолога

Психологтың кеңестері