разное

Бір азаматтың хикаясы

Сенім телефонына 39 жастағы ер азамат қоңырау шалды. Жақында ол әйелімен ажырасқан, әйелімен ортақ 2 қызы бар екен. Ер азамат қыздарына қатты бауыр басып, олардың жанында жоқтығына көне алмай жүр.

Балаларымен айырылысу оның жанына батып, психо‐эмоционалды ауыртпалықты тудыруда. Өз мәселесінің себептеріне мән берудің орынына, ол шындықтан қашқалақтап, өз жарасын алкогольді сусындармен жуып‐шаюға тырысып жүр.

Бұл ер адам 150 телефонына жиі хабарласып тұрады. Психологиялық қолдау мен сырын тарқату мүмкіндігін алған соң ол біршама жеңілдеп қалады.

❗️ Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олардың кез келгенінде сіздер 150 сенім телефонына хабарласа аласыздар! Біз баяндайтын хикаяларға қарап, сенім телефонына кез келген жан әр түрлі мәселе бойынша хабарласа алатынын аңғаруға болады.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz
#cенімтелефоны #телефондоверия #хикая #история #qolday
Истории звонков 150