Новости казакша (старое)

Отбасылық дәстүрді қалай қалыптастыруға болады?

Отбасылық дәстүрді қалай қалыптастыруға болады?

Жаңа отбасылық дәстүрді қалыптастыру үшін тек екі нәрсе қажет: сіздің қалауыңыз және үйдегілердің келісімі. Дәстүрді қалыптастыру алгоритмі шамамен келесідей болады:


 Дәстүрді ойлап табыңыз. Достық, бірлестік атмосферасын қалыптастыру үшін мүмкіндігінше барлық отбасы мүшелерін қатыстыруға тырысыңыз.

 Алғашқы қадамды жасаңыз. Оны жағымды эмоциялармен қанықтыру өте маңызды - содан кейін барлығы дәстүрдің келесі жолы қайталануын асыға күтетін болады.

 Қалауыңызды шектей біліңіз. Бірден аптаның әр күніне түрлі дәстүрлерді еңгізудің қажеті жоқ. Дәстүрдің орнығуы үшін уақыт қажет.

 Дәстүрді нығайтыңыз. Дәстүр есте сақталып, бұлжытпай орындала басталуы үшін оны бірнеше рет қайталау керек. Бірақ жағдайды ойға қонымсыз деңгейге дейін жеткізбеңіз - егер көшеде боран немесе нөсер болса, серуендеуден бас тартқан жөн болар.

Жаңа отбасы құрылған кезде, ерлі-зайыптылардың салт-дәстүрлерге байланысты түсініктері сәйкес келемейтіндігі анықталатын жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, күйеу жігіттің отбасында барлық мерекелер көптеген туыстарының ортасында атап өтілсе, қалыңдық бұл мерекелердің кейбірін тек ата-анасымен тойласа, кейбірін мүлде атап өтпеген. Бұл жағдайда жас отбасында бірден жанжал туындауы мүмкін. Түсініспеушілік туындаған жағдайда не істеу керек? Қарапайым кеңес – тек ымыраға келу. Мәселені талқылаңыз және екі тарап үшін де тиімді болатын шешімді табуға тырысыңыз. Бәріне ортақ болатындай жаңа дәстүрді ойлап табыңыз, сонда бәрі түзеліп кетеді!


150

8 708 106 08 10

Telefon150.kz

kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan

#фондsorasказахстан #бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz