разное

Баланың агрессивті екенін қалай білуге болады?

Баланың агрессивті екенін қалай білуге болады 😤😠😠😠

Ата-аналар балаларының мінез-құлқында мына нәрселерге назар аударуы керек:

🔸Бала өзінің сөздерін, әрекеттерін, эмоцияларын, жалпы мінез-құлқын басқара алмайды. Сирек жағдайларда ол өзін-өзі басқаруға тырысуы мүмкін, бірақ бұл қолынан келмейді;
🔸 Бала құрдастарымен және ересектермен жиі ұрсысып қалады. Олармен әдейі дауласып, қарым-қатынасын шиленістіре түседі;
🔸 Ойыншықтарын сындырады, басқалар жасаған нәрселерді қиратады;
🔸 Басқалардың заттарын бүлдіргенді ұнатады және одан ләззат алады;
🔸 Өтініштерге, талаптарға құлақ аспайды және белгіленген ережелерді бұзады;
🔸Жағымсыз реакцияны тудыру үшін әдейі «жаман» іс-әрекеттерге барады;
🔸 Өкпесі мен реңжіткен адамды есінде сақтайды және әрдайым кек алғысы келеді;
🔸 Өз қателіктерін мойындай алмайды, үнемі өзін ақтап алуға немесе өзгені кінәлауға тырысады.

Кішкентай кезінде, әсіресе, мектеп жасындағы балаларға тіл алмау тән. Егер бұл үшін елеулі себеп бар болса (әділетсіз жаза, реніш), онда баланың ашуы мен агрессиясы қалыпты жағдай.

Егер ата-ана балаларында жоғарыда көрсетліген бірнеше белгінің жиі қайталанатынын (алты айға дейін) байқаса ғана қандай да бір шараларды пайдалану қажет.
Дереккөз: findmykids.org

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #советыпсихолога #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Советы психолога