Новости казакша (старое)

Агрессордың жанында әйелді не ұстайды?

материалды тәуелділік (күнкөріссіз қалудан қорқу). Бұл жағдайда жұмыс табуға тырысыңыз немесе туыстарыңыз бен достарыңыздан уақытша қаржылық қолдау көрсетуді сұраңыз. Агрессор өзінің басты құралын - ақшаның көмегімен басыну мүмкіндігін жоғалтады.


 «Ұрып-соқса, демек сүйеді» түсінігі. Әйелге көңіл жетпегендігі соншалық, ұрып-соғуды қамқорлық деп қабылдайды. Махаббат пен сыйластық агрессия мен жұдырық арқылы көрініс таппайды.


 жалғыздықтан қорқу. Әйел бұдан былай өзінің жеке өмірін реттей алмайтындығынан қорқады және қандай болса да бір ер адамның жанында болғанын бақытқа балайды. Бірақ, егер сіз бір қадам жасап, зиянды қатынастардан арылсаңыз, сіз еркіндік таба аласыз және қарым-қатынасты басқаша жолмен құруға жаңа мүмкіндік аласыз.


 оның өзгеретініне үміттену. Қиыны – ер адамның өзі өзгергісі келуі керек. Ал бұл әрдайым орын ала бермейді.


 одан да қатты агрессиядан қорқу. Шындығында, егер сіз агрессорға жақын болсаңыз, қорлау жалғасады. Қарым-қатынасты тоқтатып, қатыгез жәбірлеушіден жасырынған жақсы емес пе?


 жағдайға толық қанағаттану. Жәбірленушінің рөлін ойнауды ұнататын әйелдерге арналған бір ғана кеңес бар: балалар туралы ойлаңыз, егер сіз өзіңізді жақсы көрмесеңіз, олар сіздің психологиялық проблемаларыңызға кінәлі емес.

Мұндай жұмыста агрессивті мінез-құлықтың терең отбасылық тамырлары, жүйелік себептері бар екендігі анықталады.
Егер отбасындағы жағдай адам төзгісіз деңгейге дейін жетіп, агрессордың іс-әрекеті отбасы мүшелерінің біріне ауыр зиян келтірсе, онда осындай адаммен бірге өмір сүруді жалғастыру қажеттілігі жөнінде жақсылап ойланған жөн.


150

8 708 106 08 10

Telefon150.kz

kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan