Новости казакша (старое)

Отбасындағы моральдық зорлық-зомбылық және оның себептері

Бірінші кезекте, моральдік зорлық-зомбылық – өзін-өзі бағалауды, артықшылық пен бассыздықты жоғарылатуы мақсатында басқа адамды қорлауға бағытталған психологиялық қысым болып табылады. Агрессор ашу астында жақын адамына тіл тигізіп, ауыр сөздерді айта бастайды.

Жақындарына қатысты моральдік зорлық-зомбылықты норма деп табатын ер адамдар жиі кездеседі. Олар өздерінің мінез-құлқын қолайсыз деп санамайды және оны түзету қажеттілігін сезінбейді. Әйелдерге ер адамның агрессиясында олардың еш кінәлары жоқтығын, мәселе нақты ер адамда екенін түсіну керек.

Психологтар күйеуінің сүйікті жарын қорлай бастауына әкелетін себептермен танысуды ұсынады:
● Өз отбасының үлгісі. Көпшілік отбасындағы мінез-құлықты қалыптастыруда өз ата-анасының одағын үлгі етіп алады. Егер бала балалық шағында әкесінің анасына деген жағымыз көзқарасын, оның отбасындағы маңыздылығын төмендететінін, балағаттап, кемсіетінін бақыласа,ұлы да сондай болып өсу ықтималдығы жоғары. Әйелдер құрметке лайық емес деген оймен өскен ер адамнан олардың өзін-өзі бағалауын құрметтеп, теңдей қарауын күтуге болмайды.
● Қызғаныш пен жасықтық. Егер ер адамның өзін-өзі бағалауы және өзіне деген сенімділігі төмен болса, ол әйелін қорлай бастайды, осылайша өзінен гөрі «мүсәпір» адамдар бар екенін дәлелдеуге тырысады. Жұбайын өзінің ақымақ, ұсқынсыз, ешнәрсеге қабілетсіз екеніне сендіру арқылы агрессор өзінің сенімділігін арттырады. Жұбайының телефон арқылы қарапайым қуанышты әңгімесі немесе жұмысындағы жетістіктері күйеуінің ашуын келтіруі мүмкін. Әйелінің жақсы көңіл-күйі, өзіне деген сенімділігі және өмірге деген жағымды көзқарасы оның қитығына тиеді. Бұл қасиеттер өзінің бойында болмағандықтан, оларды әйелінің бойынан да жоюға тырысады (жалғасы карусельде).
Дереккөз:blizosti.net