⠀
Бұл бейімділік тәрбиеге және отбасылық қатынастар жүйесіне тікелей байланысты, ол адам бойына ата-анасының қарым-қатынасын бақылау барысында «мұрагерлікпен» сіңеді, сондай-ақ, жалпы қоғамда, әсіресе ерлі-зайыптылардың ортасында қалыптасқан көзқарастарға да байланысты болады. Мысалы, егер егер әйел мен оның таныстары зорлық-зомбылық тақырыбын талқыламауды және көмек сұрамауды жөн көрсе, ал күйеуі мен оның достары күш қолдануды айыптамаса, отбасындағы зорлық-зомбылық ықтималдығы артады. Мәселенің түбірі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сөз қозғауға тыйым салынумен қатар, «халық даналығы» және дәстүрлі құндылықтар деңгейінде бекітілген мәдениетіміздің «Ер адам бір саты жоғары тұрады» деген патриархалды көзқарасында жатыр. Отбасындағы экономика да осыған ұқсас құрылған. Балалар дүниеге келген соң, әйел көбінесе ақша табатын адамға тәуелді бола бастайды.
Дереккөз: wonderzine.com
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌍Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#cisc2020 #qogamgov #telefon150kz #cенімтелефоны #телефондоверия #150 #агрессиястоп #агрессияғажоқ #soyuz_kz