разное

Телефонный звонок на 150

150 Сенім телефонына әртүрлі жастағы адамдар алуан түрлі мәселеле бойынша хабарласады. Біз әрдайым тыңдап, көмектесуге дайынбыз!

Сіздерге бір отбасының хикаясын баяндап берейік. Сенім телефонына үздік оқушының анасынан қоңырау түсті. Анасы қызының қатты уайымға салынып жүргенін айтып, біздің оған көмектесуімізді өтінді. Біраз сөйлескеннен кейін әйел тұтқаны қызына берді.

Қыз көзіне жас алып отырып, онлайн оқудың ол үшін қиындық туғызатынын баяндап берді. Алайда қиындық оның сабақты түсінбегендігінен емес, өзгелерге көмектесе алмағандықтан туындапты. Ол сыныбындағы үздік оқушы ретінде әрдайым бәріне көмектесетін, оны оқушылар шебер пайдаланатын. Ал карантин кезінде ешкімге қол ұшын бере алмай, енді өзге оқушылармен қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін болғандықтан алаңдаулы. «Үздік оқушының синдромы» – оның алаңдаушылығының бірінші себебі. Екіншісі, ол «Алтын белгіге» үміткер және тестілеуден қорқады. Оның алаңдаушылығының және бір себебі – ата-анасының оның қызығушылықтарын елемеуі. Күні бойы үзіксіз оқудан шаршаған қыздың миы қандайда күрделенген ақпаратты қабылдауын тоқтатқанда, қыз оқуын әртараптандыруға тырысып, youtubе-тен түрлі мотивациялық бейнебаяндарды көргісі келеді. Бірақ, ата-анасы қызынан оқудан бас көтермей, үнемі кітаптардың алдына отыруын талап етеді екен.

Қыз ауыр күйзеліске түскен болатын. 150 желісінің маманы қызға ішіндегісін ақтаруға мүмкіндік беріп, сырласты. Маман өз ұсыныстарын айтып, психоэмоционалды жағдайды қалпына келтіру үшін қолдануға болатын арнайы әдістермен бөлісті. Сондай-ақ, қыздың анасымен сұхбат жүргізілді. Психолог оған қызының білімі туралы көзқарастарын қайта қарастырып, оған қысым жасамауға, ақпаратты игеріп және демалуға бос уақыт беруді ұсынды.

Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз және не істеу керектігін білмесеңіз, бізге қоңырау шалыңыз! Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз! Біздің қызметіміз тегін әрі тәулік бойы, қоңырау соғу анонимді!





На телефон доверия 150 звонят люди разных возрастов и с разными проблемами. Мы всегда готовы выслушать и помочь!

Расскажем вам историю одной семьи. На линию телефона доверия поступил звонок от мам ы отличницы. Мама сказала, что её дочь сильно обеспокоена и спросила, можем ли мы ей помочь. Побеседовав немного, женщина передала трубку дочери.

Девочка со слезами рассказывала, как ей трудно дается онлайн- обучение, и не потому, что она ничего не понимает. Как оказалось она отличница, и всегда помогала другим ученикам. Дети пользовались ею, и теперь во время карантина она обеспокоена тем, что не может никому помочь и боится испортить отношения с одноклассниками. «Синдром отличницы» – первая причина её беспокойства. Вторая, это то, что она претендует на «Алтын Белгі» и переживает по поводу тестирования. И еще одна из причин ее беспокойства – родители не разделяют её интересов. Они требуют, чтобы их дочка не отрывалась от учебы, и постоянно находилась за учебниками. В то время, как девочка хочет разнообразить свои занятия, смотреть мотивационные ролики по youtube, ведь за целый день непрерывного обучения, из-за огромного потока информации девочка устаёт и её мозг перестаёт воспринимать какую-либо сложную информацию.

Девочка находилась в сложном, депрессивном состоянии. Специалист телефона 150 дал ей возможность выговориться. Озвучил рекомендации и дал специальные техники, которые девочка может использовать для восстановление своего психо-эмоционального состояния. Также, прошла беседа с мамой девочки. Ей психолог рекомендовал, пересмотреть взгляды на обучение девочки и стараться не давить на неё, дать свободное время для освоения информации и отдыха.

Если вы находитесь в трудной ситуации и не знаете что делать, звоните нам! Мы всегда поможем! Наши услуги бесплатны, звонок – анонимный, а служба – круглосуточная!

☎️ 150
📱8 708 106 08 10
🌍 Telefon150.kz
📧 kzsoyuz@gmail.com
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #психолог #помощьпсихолога #хикая #история #telefon150kz #qolday
Истории звонков 150