Помоги себе казакша

Балалардың үйде жалғыз қалғандағы қауіпсіз мінез-құлқы

Қазіргі кезде балаларды амалсыз үйде жалғыз қалдыруға тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Бірақ, балалары қараусыз қалған кезде ата-аналардың мазасызданбай, уайымдамауы мүмкін бе? Балаңыздың сақтығына сенімді болу үшін оған қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйреткен жөн.

Мәселен, келесі ережелерді:
🚸Ешқашан пәтеріңе бейтаныс адамды кіргізбе. Егер олар қоңырау шалса немесе есікті қақса, есікке барып, кім келгенін сұраудың қажеті жоқ. Ата-аналардың кілттері бар, олар есікті өздері ашады.

🚸Өздерін пошташы, дәрігер, полицей, сантехник, электрик немесе ата-ананың танысымын деп таныстырған адамдарға ешбір жағдайда есікті ашпа, тіпті олар сендіруге тырысса да.

🚸Пәтерден шығар алдында есіктегі көзге қара. Егер баспалдақ алаңында бөгде біреулер болса, олар кетіп қалғанын күт. Олар кеткең соң ғана шыға бер.

🚸Пәтерге кірер алдында есікті кілтпен ашпас бұрын, жан-жағына қарап, бөгде ешкім жоқ екеніне көз жеткіз.

Қажет болған жағдайда 150 Сенім телефонына хабарласыңыздар! Қоңырау шалу тәулік бойы, тегін, анонимді!

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #soyuz_kz
#cенімтелефоны #телефондоверия#telefon150kz#балаларғаарналғанқауіпсіздікережелері #психолог #қолдау#поддержка #звони150 #Байсакова
Қауіпсіз мінез-құлық кеңестері