Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ-нің «дағдарыс орталықтарына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және агрессорлармен жұмыс» әлеуметтік жобасын іске асырудағы қызметі бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
⠀
Еске сала кетейік, жоба 2020 жылдың 6 наурызынан бастау алып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылуда. Бұл неміс мамандарының тәжірибесіне негізделген, осы бағытта жүргізілетін Қазақстандағы алғашқы жоба. Ол агрессорлармен немесе отбасылық жұптармен арнайы техникаларды қамтитын қабылдау, тренингтерді өткізу арқылы агрессивті мінез-құлықты, оған байланысты көз қарасты түзетуді көздейді. Кеңес беру мен тренингтерден бөлек, Одақ қазақ және орыс тілдерінде психолог пен психотерапевт мамандарының арнайы нұсқаулықтарын әзірледі. Сондай-ақ, www.telefon150.kz сайтында тамашалауға болатын бірқатар вебинарлар дайындалған. Қазіргі кезде неміс әріптестерімен бірлесіп онлайн вебинарлар өткізілуде. Алғашқы вебинар 15.09.20ж. өтті, келесісі 22.09.20ж-ға жоспарланып отыр.
⠀
☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz
⠀
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty
⠀
#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны