Новости казакша (старое)

Дағдарыс Орталықтарының Одағы атынан алғыс білдіру

Ең қиыны артта қалды, дегенмен, қатаң карантиндік шаралар күндерін есімізге түсіріп өткіміз келеді 💭💭💭 Сол кезеңде тек бала құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саинның арқасында 150 Сенім телефоны өз қызметін үзіксіз жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Ұйым мемлекет тарапынан қаржыландырылмайтынына қарамастан, ол Одақтың өзін-өзі оқшаулау кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат берілген ұйымдар тізіміне енгізілуіне қол жеткізді 💪💪💪 Біз үшін өз жұмысымызды әдеттегідей жалғастыру өте маңызды еді, өйткені 150 сенім телефоны қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетумен айналысады.

Аружан Саинның қолдауы мен біздің еңбегіміз толығымен ақталды деп санаймыз 👆👆👆 Қоңырауларды талдау нәтижелері бойынша 5 айда 86 мыңнан астам қоңырау тіркелді, оның 1894-і тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша түскен. Ең көп түскен қоңыраулар тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық қатынастар, әлеуметтік және бала тәрбиесіндегі мәселелерге байланысты болды. Аружан Саинның арқасында біздің қызметкерлеріміз өз жұмыстарын толыққанды орындай алуына қол жеткіздік. Үлкен жауапкершілігі мен мейірімділігі үшін, көрсетілген көмегі мен қолдауы үшін Аружан Саинге рақмет айтып, шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 🌹🌹🌹

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌐Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

#cенімтелефоны #телефондоверия #telefon150kz #qolday #soyuz_kz #Байсакова #алғысбілдіру #благодарность