Новости казакша

Отбасылық дәстүрлердің қызықты мысалдары:

Отбасылық дәстүрлердің қызықты мысалдары:


 Екі аптада бір рет орманға немесе тауға шығу. Бұл тек жағымды ойын-сауық қана емес, денсаулығыңыз үшін де пайдалы болады.

Отбасымен бірігіп тамақ әзірлеу. Анасы қамыр илесе, әкесі етті тартады, ал балалары тұшмара жасаумен айналысады. Әзірленген тағам түзу емес және мүлде дұрыс болмаса да бәрі бір. Бастысы, бәрі көңілді, бақытты және ұнға ластанған!

Туған күндерге орай ойындар ұйымдастыру. Бала болсын, атасы болсын, әр туған күн иесіне таңертең арнайы карта беріледі. Сонда көрсетілген нұсқаулықтар арқылы ол өзіне арналған сыйлықты іздеп табу керек.

Қыста шана, шаңғы немесе коньки тебу. Сондай-ақ, «қар атыспақ» ойынын ұйымдастыруға болады. Барлығы жағымды эмоцияларға ие болады.

Бір-бірлеріне ашық хат жасау. Ешбір себепсіз және талантсыз, жай ғана көңіл үшін. Реңжіп, өкпелеудің орынына, «Кейде адам төзгіссіз болсаң да, мен сені жақсы көремін...Менің мінезім оңып тұрған жоқ» деп жазып жіберіңіз.

Жатар алдында ертегілер оқу. Анасы ғана баласына оқығандай емес. Ертегіні ересектердің барлығы кезектесіп оқуы керек, ал қалған отбасы мүшелерінің барлығы тыңдарман болады. Бұл жеңіл, мейірімділік және мәңгі.

Жаңа жылды әрдайым жаңа жерде қарсы алу. Оның қайда болатыны маңызды емес - бейтаныс қаланың алаңында, таудың басында немесе Мысыр пирамидаларының жанында болса да, бастысы – қайталанбауы керек!

Жылы сөздер айту. Тамақтану алдында немесе кешке жатар алдында барлығы бір-біріне жағымды сөздер айтып, мейірімін төгеді. Шабыттандырады, рас па?


150

8 708 106 08 10

Telefon150.kz

kzsoyuz@gmail.com
@sfkazakhstan

#фондsorasказахстан #бытовоенасилие #помощьжертвамнасилия #оплататруда #безопасноежильежертвамнасилия #профилактикабытовогонасилия #telefon150kz #soyuz_kz