Новости казакша

Күйеуіңнің агрессивті және басқыншы мінез-құлқы жағдайында өзіңді қалай ұстау керек?

- Ер адам эмоцияға берілген кезде сөз таластырып, ұрыс-керіске түспеңіз. Онымен ештеңені айқындауға тырыспаңыз, ештеңені өзіңізге қатысты деп қабылдамаңыз. Ашуын шығаруға мүмкіндік беріңіз. Онымен сөйлесіп, мәселелерді
тек тыныш жағдайда шешуге тырысыңыз.
- Сыртқа шығып кетіңіз. Ашуын сізге шығарып, айқайлап жатқан жерден физикалық түрде шығып кетіңіз, балаларды да ол жақтан шығарыңыз. Ашу басылып, барлығы тынышталған кезде ғана қайта кіріңіз.
- Эмоционалды алыстау. Бұл сіздің көңіліңізге ауыр тиетінін және соның салдарынан сіздің алшақтау мүмкін екеніңізді көрсетіңіз. Сіз ыдысты жууды, үй жинауды жалғастыра аласыз, бірақ сіз әйелдік жылулық пен назарыңызды өшіресіз. Ер адамдар мұны сезеді және сіздің мейірімді көзқарасыңызды, сүйіспеншілігіңіз бен жылулығыңызды қайтаруға тырысады.
- Ішкі күшіңізбен байланысты қалпына келтіріңіз. Әдетте жәбірлеуші ер адамдар өздеріне өте сенімсіз, сіз оның әлсіздігін оңай сезінесіз. Олардың агрессиясы – бұл толыққандылықтың болмауы үшін өтемақы. Рухыңыз көтеріліп, оны жоғалтуға қорқуды қойған бойда – ол бірден сіздің күшіңізді сезініп, шегіне бастайды.
- Сабырлықпен «жоқ» деп айтып, шекараны белгілеуге үйреніңіз. Әйел өзіне өзін-өзі сауықтыруға, демалысқа, жеке уақытына, хоббиіне, жеке ақшасына, достарымен араласуға мұрша беруі керек. Барлық шағымдарға сенімді және сабырлы жауап беріңіз.
- Қарым-қатынаста үзіліс жасау. Кейде ер адам қаншалықты реңжіткенін, сізді жоғалтып алуы мүмкін екенін түсінген кезде ғана аңғарады. Эмоционалды қиын жағдайларда, үзіліс жасап, физикалық түрде біраз уақыт бөлек тұра тұру маңызды. Сіз балаларыңызбен анаңызға, құрбыңызға демалысқа бара аласыз (3-4 күн, апта, ай болса да). Сіз тұрмыстық мәселелер мен балаларға байланысты әңгімені эмоционалды жылулықсыз, іскерлік реңкпен өткізе аласыз. Егер бұл әрекеттер қайталанса, сіз одан кетіп қала аласыз. Өзіңізге келіп, барлығын саралау үшін сізге үзіліс қажет. Оның қанша уақытқа созылатынын сіз білмейсіз. Оны осы уақыт аралығында сізді ренжіткен барлық іс-әрекеттерін қайта қарауды сұраңыз. Осы үзілісте қарым-қатынасты жоғалту қорқынышынан өтуге тура келеді. Бұл уақыт аралығында өз күшіңізді және ресурстарыңызды қалпына келтіру мүмкіндігін табыңыз.

Немесе 150 нөміріне қоңырау шалыңыз (тәулік бойы, тегін,анонимді) немесе +77081060810 (WhatsApp). Барлық туындаған сұрақтар бойынша кеңес береміз.