Помоги себе казакша (старое)

Буллингті қалай анықтауға болады?


⁉️ Буллингті қалай анықтауға болады?

Дедовщина – тұмау сынды: оны ертерек байқасаңыз, құтылу оңайырақ болады. Бірақ, алғашқы сөзбе-сөз теке-тірес пен физикалық соққыдан кейін балалардың жүгіріп барып, ата-анасына айтып беретінін күтуге болмайды. Балада бір нәрсе дұрыс емес екенін вербалды емес белгілер айтып бере алады:

▪️ ұйқының бұзылуы ( сенімділік үшін фитнес білезікпен тексеруге болады);
▪️ мектепке барудан қашқалақтау,тіпті өтірік ауырып қалуға дейін;
▪️ кенеттен тұйық болып қалу;
▪️ баланың мектепке баратын әдеттегі жолын өзгерту.

🧐 Балалардың киімдері мен жеке заттары да көп нәрсені айтып бере алады. Түбімен үзілген түймелер, екі бөлікке сындырылған қарандаштар мен жұлынған қалталар, жәбірлеушінің бар екенін алғашқы көгерулер пайда болғанға дейін сездіртеді.

📌Алғашқы белгілерді жіберіп алуға болмайды. Олармен бірге ата-ана сынып жетекшісімен сенімді әңгімеге баруы керек (бірақ баланы әлі өзімен бірге алмаған жөн). Мұғалім – сол кеңістіктегі ересек адам (мектептегі), ол баланы күнделіті қарсы алып, шығарып салу кезінің өзінде ата-ананың көрмей қалған нәрселерін байқауы мүмкін. Баланың әдеттегі мінез-құлқына сай емес әрекеттер байқампаз мұғалімнің көзіне бірден түседі. Егер жанжал бастауыш мектептің бір сыныбында туындаса, мысалы, жаңа оқушыға қысым көрсету, беделді ұстаз бұл мәселені өзі реттей алады.

📌Басқа жағдайларда, мұғалім - ата-ана- бала арасындағы байланыста күрделі жұмыс қажет. Формальді емес шешімдер тез және тиімді әсер етеді. Мысалы, сыныппен табиғатқа шығу оқушылар арасындағы қарым-қатынасты мұқият бақылауға мүмкіндік береді. Ия, мұндай сапарларда бұзақылықты көру екіталай: балалар оны ересектерден жасыруға тырысады, бірақ шиеленісті байқау қиын емес.

Дереккөз: activityedu.ru

☎️150
📱8 708 106 08 10
📧kzsoyuz@gmail.com
🌐Telefon150.kz

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020 #telefon150kz #Байсакова #soyuz_kz #психологтыңкеңесі #телефондоверия #сенімтелефоны
Психологтың кеңестері