Методическая база (старое)
Истории звонков 150

История одной девушки



«Сенім телефоны» дегенде, көпшілік қауымда «қайдағы сенім телефоны, олар қайтіп көмектеспек» деген күмән туындайтыны мәлім. Ашығын айтқанда, балаларға және жастарға арналған 150 сенім телефонының қызметін көбісі ұға бермейді. Сол себепті, бүгін біз сенім телефонының қызметін бір жас келіншектің хикаясы арқылы жеткізуге тырысамыз.
150 телефонына тұрмыс құрған 23 жасар келіншек хабарласты. Отбасында үш кішкентай бала бар екен. Хабарласқан бикеш соңғы кездері жұбайымен арақатынасы бұзылып жүргенін, екеуінің эмоционалды байланысы үзілгенін, күйеуінің қол көтеретінін және өзінің жалғызсырап жүргенін, бірақ отабасын сақтап қалғысы келетінін баяндап берді.

Осы жағдайда кеңесші психолог маманымен бірнеше техника жүргізілді:

• Зер салып тыңдау арқылы эмоционалды шиеленіс шешіліп, хабарласушымен сенімді байланыс орнатылды.

• Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының нашарлау себебін түсіну және онымен жұмыс істеу. Хабарласушы бәрі жақсы болған кездерді, өзін бақытты сезінген уақытты есіне түсірді. Сол кездегі және қазіргі өз мінез-құлқын, іс-әрекетін салыстырып, шындығында сол кездері күйеуіне эмоционалды тұрғыда жақынырақ болғанын түсініп, жеткізді. Ол кездері келіншек ашығырақ болатын, екеуі көп сөйлесіп, бір-біріне қызығушылық танытқан. Балалар туылғаннан кейін, уақыт өте келіншек шаршаңқырап, ашу-ызасын күйеуінен алатын болды, екіжақты диалог жоғалып, орынына бір-біріне деген наразылық ғана қалды.

• Өмірдегі нақты жағдай алынып, келіншектің және күйеуінің мінез-құлықтарының үлгісі талданды. Түсініспеушілік себептері анықталды.

• Келесі қадам, сындарлы диалогты құру арқылы, тура сол сценарийді жағымды сюжетте қайта ойнату болды.

Психологиялық кеңес берудің нәтижесінде: қиын мәселе туғызып жатқан жағдай қайта қарастырылды, ол бойынша тұжырымдар жасалып, маманмен ұсынымдар берілді, жалпы отбасылық жағдайдың орнығыуна ықпал етілді.

Қарапайым телефон әңгімесі, бірақ адамның ішкі жан-дүниесіне тыныштық сыйлап, өзі біліп тұрған, бірақ нақты түсінбей тұрған, шашыраңқы ойын орын-орынына қоюға септігін тигізді. Біреу үшін бұл жәй ғана әңгіме-дүкен болса, біреу үшін үлкен мәселелердің шешімі. Себебі, адам баласының ойы, ішкі дүниесі сан қырлы, оны әр адам өзі түсініп болмай, өзгелердің түсінуі екі талай. Ал, 150 телефонының ар жағында отырған психолог мамандар, бірінші кезекте өзіңді түсінуге және жан тыныштығынды табуға көмектеседі. Жақындарынды жаралағын келмейді, бөтен адамдарға сенбейсің, бірақ, 150-ге әрдайым хабарласа аласың! Біз қолдауға дайынбыз! Әңгімеге ашықпыз!



Говоря «телефон доверия», наверняка у многих возникает вопрос «какой еще телефон доверия, чем он поможет?». Честно говоря, многие не понимают сути работы телефона доверия для детей и молодежи 150. Поэтому мы сегодня постараемся объяснить вам как работает телефон 150 через призму истории одной молодой девушки.
На телефон 150 позвонила замужняя девушка 23 года, в семье есть трое маленьких детей. В последнее время отношения с мужем испортились, чувствует себя одиноко, потеряна эмоциональная связь с мужем. Муж поднимает руку, но девушка хочет сохранить семью.

Психологом консультантом в данном случае использовались следующие техники:

• Активное слушание, тем самым снята эмоциональная напряжённость, установлен доверительный контакт с клиентом.

• Следующим шагом, было осознание и проработка причин ухудшения отношений. Девушка вспомнила тот период, когда было всё хорошо, когда она  чувствовала себя гармонично в отношениях. Сравнила свои модели поведения, тогда и сейчас. Подчеркнула, что действительно на тот момент она была ближе к мужу эмоционально. Она была более открытой, они много разговаривали и интересовались друг другом. Вскоре после рождения детей, девушка стала больше уставать, регулярно срываться на мужа, пропал диалог, а вместо него остались только претензий друг к другу.

• Была взята конкретная ситуация, рассмотрена модель поведения девушки и мужа. Выявлены причины непонимания друг друга.

• Следующим шагом было проигрывание той же ситуации в положительном сценарии, путем построения конструктивного диалога.
Результатом психологического консультирования, стало переосмысление проблемной ситуации, сделаны выводы, даны рекомендации, способствующие улучшению ситуации в семье.

Простой телефонный звонок, но подарил душевное спокойствие и раставил по полочкам то, что человек хоть и знал, но не мог понять на подсознательном уровне. Для некоторых это просто разговор, но для других это может быть решением больших проблем. Ведь человеческий разум и внутренний мир многогранны. Едва ли поймет нас кто-то другой, если человек сам с трудом понимает себя. Психологи отвечающие на телефон 150 помогут вам прежде всего понять себя и обрести душевное равновесие. Они окажут поддержку позвонившему индивидуально, в зависимости от его ситуации. Люди не хотят беспокоить своих близких, и не доверяют чужим. Но вы всегда можете позвонить на 150! Мы открыты для разговора и готовы поддержать!

☎️ 150
📱 8 708 106 08 10
🌍 Telefon150.kz
@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #психолог #помощьпсихолога #хикая #история #telefon150kz #qolday