Помоги себе казакша (старое)

Агрессияның пайда болу себептері

📌 Адамда агрессия бірден пайда болмайды. Теориялық тұрғыдан бұл ерекшелік бүкіл адамдарға тән қасиет. Адам өзін белгілі бір қауіпқатерден қорғауы керек болғанда, өзін агрессивті түрде ұстай бастайды. Бірақ бұл жағдайда өзін-өзі қорғау және қасақана емес әрекеттер ретіндегі жеке тұлғалық ерекшелік пен агрессияның арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды. Ғалымдардың көпшілігі адам туылған кезде бойында агрессия болмайды деген пікірді ұстанады, ол осындай мінез-құлықтың заңдылықтарын өмір бойы оны қоршаған әлеуметтік жағдайға байланысты игереді.

Осылайша, агрессияның пайда болу себептері психотроптық заттарды шамадан тыс қолдану, ұзаққа созылған созылмалы шаршау, жеке проблемалар, сондай-ақ жүйке жүйесінің немесе психикалық ауытқулар болуы мүмкін.

Осылайша, агрессияның пайда болу себептері психотроптық заттарды шамадан тыс қолдану, ұзаққа созылған созылмалы шаршау, жеке проблемалар, сондай-ақ жүйке жүйесінің немесе психикалық ауытқулар болуы мүмкін.

📌Агрессияның пайда болу себептері:

▪️ ПСИХОБЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ ШАМАДАН ТЫС ПАЙДАЛАНУ. Адам стрестік жағдайда бақылау жасай алмай қалады және тек өз қажеттіліктері мен ниеттерін ғана басшылыққа алады. Өз алдынан кедергі көріп, агрессияны пайдаланады.
▪️ ТӘРБИЕНІҢ КҮРДЕЛІ ТАЛАПТАРЫ. Дұрыс тәрбиенің берілмеуі, психологиялық жағынан жарақат алатын жағдайлардың болуы, зорлық-зомбылық көріністерін көру, компьютерлік ойындарға құмарлық. Қорғаныс құралы ретінде агрессияны пайдаланады.
▪️ ЖЕКЕ СИПАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР. Жұбайымен өзара қарым-қатынастағы проблемалар, жыныстық сипаттағы қиындықтар, өмір серігінің болмауы, тұрақты жалғыздық пен үмітсіздік сезімі, депрессия.
▪️ СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАУ, ҰЙҚЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ артық жұмыстан шаршау, жұмыстағы стресс.
▪️ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУЛАР (шизофрения, эпилепсия, менингит және бас миының басқа да жарақаттары).
Дереккөз: «Агрессорлармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік құрал», НҰР-СҰЛТАН қ., 2019 ж.

☎️150
📱8 708 106 08 10
🌏Telefon150.kz
📧kzsoyuz@gmail.com

@cisc_official
@crisis_center_almaty
@akimat_almaty

#qogamgov #cisc2020
#cенімтелефоны #телефондоверия #Байсакова #психолог #помощьпсихолога #telefon150kz #qolday #soyuz_kz
Психологтың кеңестері